Қазақстан мұнайының 120 жылдығына және мұнайшылардың кәсіби мерекесіне орай "ӨзенМұнайСервис" ЖШС қызметкелері арасында үстел теннисі, футбол, жүзу сияқты спорт түрлерінен спартакиада өткізілді.
![]()
![]()
Спорттық сайыстың бірінші бөлімінің қорытындысы бойынша қыздар арасындағы үстел теннисінен І орынды Р.Жубаназарова, ІІ орынды А.Алдабергенова және ІІІ орынды Г.Қожанепесова иемденді. Ерлер арасындағы үстел теннисінен Ә.Дузбаев І орынға табан тіресе, ІІ орынды Б. Тошаев, ІІІ орынды О.Урбисинов жеңіп алды. Ал жүзу спорты бойынша І орынға Ә.Дузбаев, ІІ орынға С.Аманғали, ІІІ орынға Н.Кокушев лайық деп танылды.
![]()
Төл мерекеге арнайы ұымдастырылған спартакиаданың екінші бөлімінің нәтижесі бойынша футболдан 3-цех командасы үздік атанып, ІІ орынға 1-цех командасы, ІІІ орынға 4-цех футболшылары ие болды.
![]()
![]()
Арқан тартыс бойынша 3-цех мықтылары оқ бойы озып шығып, І орынды қанжығаларына байлады. ІІ орынды ӨҚБ жігіттері, ІІІ орынды 1-цех спортшылары ұтып алды.
Қатысушыларды жеңісімен құттықтаймыз!
#Қазақстан #Маңғыстау #Ақтау #Жаңаөзен #Қазмұнайгаз #Өзенмұнайгаз #Өзенмұнайсервис #Мұнайшы #Мұнай #KMGEP #Казмунайгаз #Озенмунайгаз #Озенмунайсервис #Нефть #Казакстан #Мангистау