
2024 жылдың 16 желтоқсаны, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Жас мамандар кеңесінің 10-жылдығына орай “Өзенмұнайсервис” ЖШС қызметкерлері арасында интеллектуалды Quiz сайысы өтті. Бұл шара ұжымдық рухты көтеру, Тәуелсіздік күнінің маңыздылығын ұғындыру және қызметкерлердің білімдерін сынау мақсатында ұйымдастырылды.
Сайыс компания басшылығының құттықтау сөзімен басталды. Басшылық еліміздің тәуелсіздігі жолындағы тарихи маңызды оқиғаларды атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды, әр кезеңде қатысушылар Тәуелсіздік тарихына, Қазақстанның жетістіктеріне, мәдениетіне және логикалық тапсырмаларға қатысты сұрақтарға жауап берді..
Жүлделі орындар мен арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Quiz сайысы қызметкерлердің білімін шыңдап қана қоймай, ұжым арасында патриоттық рухты нығайтып, Қазақстанның Тәуелсіздік тарихын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Шара жоғары деңгейде өтіп, қызметкерлерге ұмытылмас әсер қалдырды.
Ұйымдастырушыларға және барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!