
«ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігі қос ардагерді еңбек демалысына шығарып салды.
Оның бірі – Абай Қожабергенов. Ұзақ жылдар бойы қара алтын өндірісінде сапалы еңбек етіп, үлгілі қызмет көрсеткен ол авто тізбек реттеушісі лауазымында да өзіне берілген міндеттерді абыроймен атқарған кәсіби маман.
Абыройлы еңбектің жемісі ретінде құрметті еңбек демалысына жолдама алған ел ағасының бірі – жүргізуші Ойрат Колманов. Мұнай саласында біраз жылдар бойы тер төгіп, ел экономикасының дамуына өз еңбегімен аз ба болса үлес қосқан азамат ұжымда сыйлы болып, артынан ерген жас мамандарға үлгі көрсеткен маманымыз.
Зейнеткерлікке шыққан қос ардагерді мекеме басшылығы шын жүректен құттықтап, зор алғысын жеткізді. Оларға арнайы алғыс хат табыстап, гүл шоқтары мен сыйлықтар тарту етті.