
✨ Құрметті мұнайшылар! ✨🛢
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұнайшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Бүгінгі жетістіктер – мұнайшылардың қажырлы еңбегінің, бірлігі мен жауапкершілігінің жемісі.
Барлықтарыңызға мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Әрқашан да жаңа биіктерді бағындырып, кәсібиліктеріңізбен мақтан тұта берейік!
🎉 Мереке құтты болсын! 🎉
Ізгі тілекпен: “ӨзенМұнайСервис” ЖШС бас директоры
Бекмамбетов Сәрсенбай Өтегенұлы
#МұнайшыларКүні #ЕңбекҚұрметі #Мұнайшы