
Құрметті әріптестер, қадірменді ағайын!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – жаңару мен тазарудың, ырыс пен берекенің, бірлік пен татулықтың мейрамы. Бұл күн қазақ халқының ғана емес, түркі жұртының ортақ мерекесі, табиғаттың оянуы мен жаңа жылдың бастауын білдіретін ерекше сәт.
«ӨзенМұнайСервис» ЖШС ұжымы үшін де Наурыз – ынтымақ пен сыйластықтың символы. Біздің компанияда еңбек ететін әрбір жан – өз ісінің кәсіби маманы, адал еңбегімен өндірістің өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтар. Бірлігіміз бекем, еңбегіміз еселі болсын!
Осы көктем мерекесі әр шаңыраққа шаттық пен молшылық әкелсін! Ұжымымызға табыс, елімізге бейбітшілік, әр отбасына амандық пен қуаныш тілеймін!
Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын!
Ізгі ниетпен,
Мыңтұрғанов Қанағат Нұрымұлы,
«ӨзенМұнайСервис» ЖШС бас директоры