
МАЙДАНГЕР АТАНЫҢ БАТАСЫН АЛҒАН ЖАСТАР
9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жас мамандары мен «ӨзенМұнайГаз» АҚ-на еншілес мекемелердің жастары Жаңаөзен қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Еңсегенов Кеңесбай ақсақалдың шаңырағында болып, ұлы мерекемен құттықтады. Бір топ жастар қайсар қартқа бүгінгі бейбіт тірлік үшін, Қазақстан елінің тәуелсіздігі үшін зор алғыстарын білдіріп, азын-аулақ сый-сияпаттарын табыс етті.
Майдангер Кеңесбай ақсақал жастарға өзінің ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Сонымен қатар, азаттықтың қадірін ұғынып, ата-бабамыздың қайсар-мінезін үлгі етіп, бостандықтың туын келер ұрпаққа аманат ету әрбір азаматтың парызы екендігін ерекше ықыласпен ескертіп айтты.
Кеңесбай Еңсегенов 1943 жылы әскер қатарына алынып, Украина фронты, 211-девизия, 986 атқыштар полкның құрамында ерлік көрсеткен. Ұлт батыры майданда көрсеткен ерлігі үшін «Ерлігі үшін», «Германиядағы жеңіс үшін» және Ұлы Отан соғысына орай өткізілген мерейтой медальдарымен марапатталған.
#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс