
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелді ұйымдары бойынша қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық еңбек жағдайлары мен демалысын жақсарту жөніндегі жол картасын жүзеге асыру аясында 2024 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қарасты Қаламқас кен орнында өндірістік-коммуналдық кешендердің және ғимараттардың күрделі құрылысы аяқталды.
Осы жұмыстар барысында механикалық бригадаларға, өндірістік-тұрмыстық кешендерге арналған ғимараттар, оператор бөлмесі, модульдік слесарлықтар салынды.
Нысандарда киім ауыстыратын бөлмелер, душ, дәретханалар, тамақтанатын бөлмелер, сөрелері бар құралдарды сақтайтын орындар бар.
instagram: @kmgoms / видео сілтеме бойынша