Серіктестігімізде үлгілі қызметімен, елеулі жетістіктерімен көзге түсіп жүрген бірқатар мамандарды «ӨзенМұнайСервис” ЖШС Бас директоры Қ. Мыңтұрғанов құттықтап, арнайы құрмет грамоталарын табыстап, алғыс білдірді.
Шара кезінде мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі үшін Энергетика министрлігінің құрмет грамотасымен Қ. Шамшебаев, мерекелік төс белгісімен И. Габбасов және алғыс хатпен Б. Давлетниязов, А. Шораев сынды мамандар марапатталды.
Ақтау қаласында өткен “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ компаниялар тобының “ҮЗДІК МАМАН - 2023” кәсіби шеберлік байқауында “ҰҢҒЫЛАРДЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ БРИГАДАСЫ” аталымы бойынша жеңіске жетіп I орынды қанжығасына байлаған ӨМС-13 ҰКЖ бригада ауысымы Бас директордың Алғыс хатын иемденді.
Астана қаласында өткен, “Самрук-Қазына” АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасындағы VIII Спартакиадасында арқан тартудан “ҚазМұнайГаз” атынан “ӨзенМұнайСервис” командасы қатысып, жүлделі II орын алған болатын. Жиын барысында серіктестік басшысы жеңімпаздарға да ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыстады.
Марапатталған әріптестерді шын жүректен кұттықтай отырып, сәттілік тілейміз.