Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ «МЕРЕКЕҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, БАЛДЫРҒАН!»

«МЕРЕКЕҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, БАЛДЫРҒАН!»

« Назад

«МЕРЕКЕҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, БАЛДЫРҒАН!» 05.06.2019 12:50

«ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1 маусым – халықаралық Балаларды қорғау күнін жоғары деңгейде атап өтті.

_MG_0126

Мереке күні  Серіктестік қызметкерлерінің балаларына арнап концерттік бағдарламаға негізделіп, ертегі кейіпкерлері өнер көрсеткен шара ұйымдастырды. Р.Өтесінов атындағы дене шынықтыру және спорт кешенінде өткен жиында 300-ге жуық бала бас қосып, қызыққа толы ертеңгіліктің куәсі болды.

_MG_0209

_MG_0031

 

Шарада түрлі ертегі кейіпкерлерінің рөліне енген аниматорлар балаларға арнап ән шырқап, түрлі интеллектуалдық ойындар ойнатып, командалық жарыстар өткізді. Балалар ерекше атсалысып, әр сайыста жеңімпаз болуға деген ұмтылыстарының ерекше екендігін байқатты. Белсенділік танытқан балаларға ерекше қошемет көрсетіліп, басқа да балалардың өнеріне тәнті болдық.   

_MG_0199

_MG_0189

_MG_0183

Шара кезінде Серіктестіктегі Еңбекті қорғау жылына арналған  «ЕҚТҚжҚОҚ» бөлімі мен «ӘСжШҚ» бөлімі біріге ұйымдастырған «Техника қауіпсіздігін сақтайық» атты сурет байқауының нәтижесі белгілі болып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді. Байқауға барлығы 7 үміткер сұраныс білдіріп, өз туындыларын ұсынған болатын. Кішкентай қылқалам шеберлерінің қатарынан үш үміткердің еңбегі І, ІІ, ІІІ жүлделі орынға лайықты деп танылып, 4 үміткер ынталандыру сыйлығын иемденді. Жүлделі орынға ие болған жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар табыс етіліп, ынталандыру аталымын жеңіп алған балаларға «ОйнаTOWN» ойын-сауық орталығының карталары сыйлыққа берілді.

_MG_0093

_MG_0084

_MG_0080

Шара соңында барлық балаларға балмұздақ, сусын секілді тәттілер үлестіріліп, балалар ертегі кейіпкерлерімен естелік суретке түсті.

_MG_0147

_MG_0095

_MG_0028

#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс

 


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»