Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС қызметкерлерімен кездесу қорытындысы

«МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС қызметкерлерімен кездесу қорытындысы

« Назад

«МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС қызметкерлерімен кездесу қорытындысы 08.06.2023 12:29

2023 жылдың 7 маусымында "ӨзенМұнайСервис" мекемесінің басшылығы, "ҚазМұнайГаздың" Ақтау қаласындағы өкілдігі және Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы қатысуымен "МұнайСпецСнаб Компани" жұмыскерлерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында сәуір, мамыр айларында көтерілген 17 сұрақ қаралды. Қарастырылған сұрақтарға байланысты келесідей ақпарат жұмысшылар назарына жеткізілді:

«Қазіргі уақытта 3 жылдық келісімшартқа көшу мәселесі пысықталуда және жыл соңына дейін қажетті рәсімдер өткізіліп, бұл мәселе шешімін табады» - деп түсіндірілді.

Сонымен қатар, «Жұмысшыларға сүт беру, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге еңбек демалысына қосымша күндер беру және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару сұрақтары» бойынша шешім жұмыс орындарының аттестациялау қорытындысына байланысты екендігі, бүгінгі күні "МұнайСпецСнаб Компани" басшылығы аттестация жүргізетін мамандандырылған мекемемен келісімшарт жасағандығы және бұл жұмыс жақын арада басталатындығы туралы хабарланды.

Келесі сұрақтар бойынша "МұнайСпецСнаб Компани" басшылығы тарапынан жақын арада оң шешімін табатындығы туралы ақпарат берілді. Олар, жалақыны уақтылы төлеу, үстеме жұмыс ақысын бір жарым мөлшерде төлеу, қызметкерлерді еңбекақы төлеу ережелерімен таныстыру, жұмысшылар арасында жұмыс уақытын біркелкі бөлу, ұжымдық шарт жасасу.

«МұнайСпецСнаб Компани" жұмысшыларының жалақыларын ЕСОТ 70% деңгейіне келтіру» - сұрағы бойынша "ҚазМұнайГаз" тарапынан жауап берілді: 2022ж. басында "ҚазМұнайГаз" тарапынан мердігер ұйымдардың қызметкерлеріне жалақыны ЕСОТ-тың 70% деңгейіне көтеру туралы бірреттік шешімі қабылданып іске асырылды. Бұл бір ретті қабылданған шешім және қазіргі күні қарастырылмайды.

 

44346A5F-1C13-4C19-9C46-40237B039850

5D124142-3476-4BEB-8EAE-7E44974977BE

Жиналыс барысында ӨзенМұнайСервис, ҚазМұнайГаз және Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы тарапынан барлық сұрақтарға байланысты толыққанды ақпарат берілді.


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»