
22-наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай "ӨзенМұнайСервис" ЖШ Серіктестігінде ақшаңқай ақ үй тігіліп, ұлан асыр той өткізілді. Түрлі ұлттық тағамдарымызбен көмкерілген үлкен дастарxан жайылып, ас берілді. Мерекеге орай концерттік бағдарлама жасақталып, қызметкерлер арасында «арқан тартыс», «қошқар көтеру», «гір тасын көтеру», «асық ату», «үстел теннисі» сияқты әр түрлі спорт түрдерінен жарыстар ұйымдастырылды.
Мейрам күні үлгілі қызметі мен сапалы еңбегінің нәтижесі бойынша Б.Т.Шамаев, К.К.Усербаев, К.А.Марабаев, К.Т.Калипаев, К.К.Сейлиханов, Қ.Н.Аманқұлов сынды бірқатар қызметкерлер Серіктестіктің бас директоры О.Н.Тарғыновтың «Алғыс хатымен» марапатталса, А.А.Тауирбаев, М.М.Сарманов, Б.Қаржаубайұлы, И.М.Джаков, О.Ж.Утесинов, С.С.Капарбаев сынды қызметкерлер «Құрмет» грамотасын иемденді. Сондай-ақ, марапатталушылар қатарында жақында ғана елордамызда өткен «Жайдарман-2019» ойынында «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-ның атынан өнер көрсетіп, ширек финалға жолдама алған «Жалын» КВН командасы да болды.
Ұлыстың ұлы күніне орай өткізілген шарада ерлер арасында өткен "Аркан тарту" жарысы бойынша І орынға ҚБӘ (АУП) мамандары ие болса, ІІ орынды 2 цеx мамандары, ІІІ орынды ӨҚБ мамандары қанжығаларына байлады. "Қошқар көтеру" сайысы бойынша көптің ішінен көзге түсіп, ең көп ұпай көрсеткішімен І орынды И.Джанаев жеңіп алды. "Кір тасын көтеру" жарысы бойынша І орынға И.Джанаев табан тіресе, ІІ орынға А.Бисенов және ІІІ орынға Е.Рақымжан лайық деп танылды.
Әйелдер арасында өткізілген үстел теннисінен өткен сайыс бойынша І орынды А.Алдабергенова жеңіп алса, ІІ орынды Р.Дарменова және ІІІ орынды Н.Рамазанова иемденді. “Ұлттық киім үлгісі" атты сән байқауында І орынға Г.Көптілеуова лайық деп танылса, ІІ орынды А.Абдикеримова мен ІІІ орынды М. Имангазиева жеңіп алды.
Спорттық шарада сынға түсіп, байқауда бақ сынап, жүлделі орынға ие болған үміткерлерге марапат қағаздары мен сыйақылар табыс етілді.