
Маңғыстау облысы мұнай-газ саласы Жас мамандар кеңесі альянсының ұйымдастыруымен "Ой-дода" зияткерлік сайысының қорытынды ойыны өткізілді. "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткен шараға облыс көлемі бойынша 20-ға жуық мұнай мекемелерінен жастар қатысып, 8 топ сынға түсті.
Аталмыш сайысқа "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінің атынан Ж.Елубаев, С.Рысқұлов, А.Усербаев сынды мамандардан құралған "Бірлік" тобы қатысып, ойын нәтижесі бойынша І орынды қанжығаларына байлады. Сонымен қатар байқаудың "Үздік ойыншы" номинациясы "ӨзенМұнайСервис" ЖШС Жас мамандар кеңесінің төрағасы Али Усербаевқа бұйырды!
Суретте Али Усербаев