ОН ОТБАСЫНЫ АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТТІ 20.08.2020 18:03
Дүниежүзін жайлаған пандемия салдарынан еліміздің экономикасы әлсіреп, қарапайым халыққа қаржылық қиындық тудырғаны жасырын емес. Бұл қиындықтың шеті Жаңаөзен қаласындағы бірқатар отбасыларға қатты батты. Осы тұста «ӨзенМұнайСервис» ЖШС қызметкерлері бірлікпен өз есептерінен қаражат жинап, қол ұшын созуды жөн көрген. Нәтижесінде, мамандар атынан 200 мыңнан астам қаржы жинақталып, аз қамтылған, мұқтаж он отбасыны ең қажетті, көп тұтынылатын азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз еткен.