Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ Президент атынан Республика күні қарсаңында мұнай-газ саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды

Президент атынан Республика күні қарсаңында мұнай-газ саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды

« Назад

Президент атынан Республика күні қарсаңында мұнай-газ саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды 24.10.2026 16:00

Республика күні қарсаңында ҚазМұнайГаз компаниялар тобының қызметкерлері мен ардагерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар салтанатты түрде табысталды.

ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов әріптестерін ұлттық мерекемен құттықтап, еліміздің экономикалық дамуындағы мұнай-газ секторының стратегиялық рөлін атап өтті.

— Республика күні Қазақстанның егемендігін, еліміздің одан әрі өркендеуге деген ұмтылысын және халқымыздың бірлігін білдіреді. ҚазМұнайГаз компаниялар тобының қызметкерлері өздерінің адал әрі қажырлы еңбегімен еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосып келеді. Бүгін сіздерге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік наградалар табысталды. Бұл - сіздердің мұнай-газ саласын дамыту жолында атқарған көп жылғы адал еңбектеріңізге берілген жоғары баға, - деді А.Хасенов.

«Құрмет» орденімен:
➤ Күзембаев Береке Жұмағұлұлы — «Өзенмұнайгаз» АҚ көтергіш қондырғы машинисі;
➤ Медеуов Дүйсен Әбілбайұлы — «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС бас директоры;
➤ Оразбеков Марлен Армияұлы — ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК бизнесті қолдау жөніндегі басқарушы директоры;
➤ Есбергенова Айгүл Сағынайқызы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас бухгалтері марапатталды.

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен:
➤ Омаров Әбдіжамал Рызабекұлы — «Oil Construction Company» ЖШС Қаламқас құрылыс-монтаждау қызметінің жоба жетекшісі марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері:
➤ Ұзақбаева Айкүміс Самарханқызы — «KMG EP-Catering» ЖШС қоғамдық тамақтандыру асханасының аспазы;
➤ Етмышбаева Қарлығаш Халмырзақызы — «KMG EP-Catering» ЖШС қоғамдық тамақтандыру асханасының аспазы;
➤ Өтесінова Ақбибі Жалқышқызы — «KMG EP-Catering» ЖШС қоғамдық тамақтандыру асханасының аспазы;
➤ Қазиева Раушан Ұзақбайқызы — «Өзенмұнайгаз» АҚ персоналды басқару және дамыту департаментінің директоры;
➤ Абдуалиева Сандуғаш Қабдоллақызы — мұнай-газ саласының ардагері;
➤ Дарибаев Юлдашбай Абуұлы — мұнай-газ саласының ардагері;
➤ Ходжахметова Райса Қожамбердіқызы — «Өзенмұнайгаз» АҚ қабат қысымын сақтау цехының машинисі;
➤ Қуаншекенов Нұржан Ғайноллинұлы — «Oil Services Company» ЖШС «Қаламқас-Сервис» өндірістік басқармасының ұңғымаларды жерасты жөндеу цехының бастығы;
➤ Оразов Ғалымжан Жүсіпқалиұлы — «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС Жетібай электр станциясының учаске бастығы;
➤ Құлназаров Ерназар Жалғасбайұлы — «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС жоба директоры;

➤ Ақжанов Бекзат Серікбайұлы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өндіруші және мұнай сервистік активтерді басқару басқармасының бастығы;
➤ Қайдагұлов Олжас Теміртасұлы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу басқармасының бастығы;
➤ Уалиева Алтынай Төлегенқызы — «KMG Systems & Services» ЖШС бизнес серіктесі;
➤ Ешкеев Мұрат Жеңісұлы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жетекші маманы;
➤ Чен Юлия Анатольевна — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қазынашылық басқармасының бастығы;
➤ Сембаев Равиль Алдабергенұлы — «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының көлік жүргізушісі;
➤ Азаматов Әлімхан Эльдаргаджиұлы — «Өзенмұнайсервис» ЖШС көтергіш қондырғы машинисі;
➤ Сранов Мұхтар Сүлейменұлы — «Мұнайтелеком» ЖШС технологиялық процестерді басқару жүйелерін автоматтандыру тобының жетекші инженері;
➤ Құтмамбетов Мажет Сәкенұлы — «Қазгермұнай» БК» ЖШС мұнай және газ өндіру департаменті директорының орынбасары;
➤ Жолбасаров Жаңалық Таңғалиұлы — «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының бастығы;
➤ Төретаев Асхат Жалғасұлы — «Oil Services Company» ЖШС «Жетібай-Сервис» өндірістік басқармасы бастығының орынбасары;
➤ Агатаев Айжарық Орысбайұлы — «Oil Construction Company» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің бастығының орынбасары.

Жалпы, ҚМГ компаниялар тобының 590 қызметкері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

5444444,0544207653

9997274104

683042450404

4527500045752750

4555555550554024

5444444444440450+12

5727272727272045

75555555555240120


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»