
5-7 мамыр күндері Қырғызстан астанасы Бішкекте гір көтеруден Азия чемпионаты өтіп, спорттық додаға әріптесіміз Бисенов Аманесен Ордабекұлы қатысып, 95 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 10-минут ішінде гір тасын 120-рет көтеріп, 5-қарсыласын басып озды.
Мұнайшы әрі спортшы 15 мемлекет қатысқан жарыста бақ сынап, алтын медаль иегері атанды.
Айта кетсек, Бисенов Аманесен Ордабекұлының бапкерлері Алтыбаев Нартай, Ахметов Айдын, Таласбаев Арман.
Жеңіс құтты болсын!