ШЕБЕРЛЕР БАС ҚОСТЫ 11.01.2019 08:51
"ӨзенМұнайСервис" ЖШ Серіктестігінің шеберлері кезекті жиында кездесті. Бригада шеберлері мен цеx басшылары да біріккен отырыста мамандар ұйымның әлеуметтік жағдайын сөз етіп, бірқатар мәселелердің жайын талқылады.
Жиынды Серіктестіктің әлеуметтік сұрақтар жөніндегі атқарушы директоры Н.А.Ермағанбетов жүргізді. Әлеуметтік саясат және шаруашылық бөлімінің мамандары шеберлер тарапынан айтылған ұсыныстарды тыңдап, көкейтесті сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар жаңа 2019 жылғы жалпы мекеме жоспарына енгізілген бірқатар өзгерістерді сараптады.
#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс