Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ СПАРТАКИАДАДАН БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

СПАРТАКИАДАДАН БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

« Назад

СПАРТАКИАДАДАН БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ 15.08.2023 00:00

Ақтау қаласында "Halyk Arena" спорт кешенінде "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ 60 жылдығына орай "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ дәстүрлі Спартакиадасы өткізілді. Онда ұлттық компанияға еншілес компаниялардың қызметкерлері шағын футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, арқан тару, қол күрес және басқа да спорт түрлерінен бақ сынады.

Спорттық дода төрт күнге созылды. "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінің намысын қорғаған спортшыларымыз спартакиаданың алғашқы күні-ақ жеңіс тұғырынан көрініп, қуантты.

Арқан тарту турнирінде "ӨзенМұнайСервис" ұжымының командасы топ жарды. Олар финалға шыққан "Ембімұнайгаз" АҚ және "Oil Services Company" ЖШС командаларын басып озып, бас жүлдені иемденді. Бұл біздің арқан тартыстан алып отырған алғашқы үлкен жеңісіміз болып отыр.

Қол күрестен әріптесіміз Еңсеп Даурен ІІ жүлделі орынды иемденді.

Шағын футболдан әріптесіміз Есіркеп Сынабаев "Үздік қорғаушы" номинациясын жеңіп алды.

Жеңімпаздарымыз 18-20 тамыз аралығында Астана қаласында республикалық деңгейде өтетін Спартакиадаға жолдама алды. Әріптестерімізге сәттілік тілейміз!

5dc7467a-e8dc-441a-982c-4ec94926c5e4

b59a40fb-fdb7-431a-aeba-b176b0e6122a

c20fbcd7-679a-4477-b0e0-d6c41eedaaeb

00a3e66f-c777-492a-9f7c-05288ea22ca9


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»