
"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінде тағы бір азамат еңбек ардагері атанып, зейнет демалысына жолдама алды. Токбаев Новруз ұзақ жылғы Мұнай-газ саласында жалпы еңбек өтілмен зейнеткерлікке шықты.
Зейнеткерлікке шыққан ардагер маманды ұжым атынан басшылық тарап арнайы құттықтап, сала дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Гүл шоқтарын ұсынып, сый-сияпат табыстады.
Өз кезегінде еңбек ардагері "ӨзенМұнайСервис" компаниясына ризашылығын жеткізді.