
Қаңтар айында «ӨзенМұнайСервис» ЖШ Серіктестігінде «ҚазМұнайГаз» ҮК АҚ-ның мұнай сервис жөніндегі басқарушы директоры А.К.Шаненованың қатысуымен жиналыс өткізілді.
Кезекті жиында мекеменің басшылық құрамындағы бірқатар өзгерістер жайында сөз болып, ұлттық компанияның өкілі А.К.Шаненова «ӨзенМұнайСервис» ЖШС бас директорын тағайындады. 2018 жылдың қазан айынан бастап Серіктестіктің бас директорының міндетін атқарушы О.Н.Тарғынов 2019 жылы қаңтар айының 24 жұлдызынан бастап «ӨзенМұнайСервис» ұжымының бас директоры болып бекітілді.
Осыған дейін бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары С.У.Бекмамбетов бас директордың бірінші орынбасары лауазымына, өндіріс жөніндегі атқарушы директор А.Т.Салихов бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметіне қойылды.
Ұжым атынан басшылық құрам мүшелерін жаңа белестерімен құттықтай отырып, дендеріне саулық, еңбектеріне толағай табыс тілейміз.
#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс