Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ "ӨЗЕНМҰНАЙСЕРВИС" ЖШС МАМАНДАРЫ "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ АТЫНАН АЛҒЫС АЛДЫ

"ӨЗЕНМҰНАЙСЕРВИС" ЖШС МАМАНДАРЫ "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ АТЫНАН АЛҒЫС АЛДЫ

« Назад

"ӨЗЕНМҰНАЙСЕРВИС" ЖШС МАМАНДАРЫ "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ АТЫНАН АЛҒЫС АЛДЫ 20.12.2017 15:25

 

 

МАРАПАТТАУ ӨМС 2017_1050689

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде салтанатты жиын өткізілді. Мереке қарсаңында бірқатар мамандар серіктестік атынан және «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның атынан алғыс хаттармен марапатталып, төсбегілерге ие болды.

МАРАПАТТАУ ӨМС 2017_1050512

Отырыс кезінде «ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігінің бас директоры Нұрсейіт Союнов ұжым қызметкерлерін аталмыш мерекемен құттықтады. «Біздің елімізге бұл бейбіт күн оңайлықпен келмегені бәрімізге белгілі. Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін ата-бабаларымыз қаншама қиындықты бастарынан өткерді. Солардың ішінде осы күнге жеткенде, жетпегенде бар. Қазақстан өз алдына еркін мемлекет атанғанына биыл 26 жыл толып отыр. Құдайға шүкір, қазіргі таңда қазақ елін бүкіл ел біледі. Әр түрлі білім, ғылым, өнер бәсекелерінде, спорт додаларында жетістікке жетіп, халықаралық шараларға белсенді түрде қатысып жүрген Қазақстан еліміз, осындай аумақ көлемінде жеріміз бар екенінен қазіргі таңда барша әлем хабардар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Жеңісті, жемісті күндеріміз көп болғай! Әр қазақ отбасынан береке-бірлік орнап, қуаныш-шаттық арылмасын! «ӨзенМұнайСервис» серіктестігінде де ылғи ынтымақ болып, жетістік шыңдарын бірге бағындыра берейік! Тәуелсіздігіміздің ғұмыры мәңгілік болғай!» - деді өз сөзінде серіктестік басшысы.

МАРАПАТТАУ ӨМС 201706

Айтулы мерекеге орай өткен шарада бірқатар мамандар кәсіби шеберлігі, жемісті еңбегі және мұнай-газ саласының қалыптасуына қосқан үлесі үшін «ӨзенМұнайСервис» ЖШС атынан және БӨ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшылары атынан құрмет грамотасы және төсбелгілерімен марапатталды. Тәуелсіздік күніне орай серіктестік қабырғасында ұйымдастырылған спорттық шараларда топ жарған қызметкерлер де ұжым басшылығы атынан құрметке бөленді. Сонымен қатар, серіктестіктегі «Кәсіподақ» ұйымы мен «Жас Мамандар» кеңесі тарапынан да бірнеше мамандарға алғыс хаттар берілді.

 


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»