
Жаңаөзендік «Жалын» КВН командасы елордамыз Нұр-Сұлтан» қаласының әкімінің кубогы үшін өткен республикалық турнирде бас жүлдені жеңіп, 1000 000 теңге көлемінде сыйақы иемденді.
Еліміздің әр өңірінен 15 жайдарман тобы қатысқан өнер сайысында «Жалын» тобы астарлы әзілдерімен ерекше көзге түскен. Қалың көрерменді күлкіге бөлеп, халық арасындағы маңызды мәселелерді қағытпа қалжыңдарымен жеткізе білген.
Жайдарманшыларға баға беру кезінде белгілі сатирик Көпен Әмірбек жерлестерімізді ерекше атап өтіп, өнеріне тәнті екендігін айтып кетті.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің кубогы үшін өтетін ойын Астана күні қарсаңында жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Бұндай жүлдені осыған дейін маңғыстаулық «Барыстар» КВН командасы қанжығасына байласа, биыл аталмыш жүлде аға буынның ізін жалғаған команда «Жалындықтардың» жеңісі болып отыр.
«ӨзенМұнайСервис» серіктестігі қолдау көрсететін «Жалын» жайдарман тобын үлкен жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жоспарлары мен сайыстарда тек сәттілік тілегіміз келеді.
#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс