
Жаңаөзен қаласында «Жыл үздігі – 2019» жастар сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Салтанатты жиында қала әкімі Мақсат Ибағаров әр түрлі саладағы қызметте үздік атанған жеңімпаз жас мамандарды жеңісімен құттықтады.
Шара барысында өлкемізде жастар жылында атқарылған шараларға кеңінен тоқталып, қала, облыс жастары жетістіктерімен ел мерейін арттырғанын айтты. 2019 жылы жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында іске қосылған «Zhas Project» жобасы жайында да айтылып, кәсіпкерлер тарапынан қойылған көрме көпшілік назарына ұсынылды.
Сонымен қатар, М.Ибағаров қаламыздағы жастар саясатының дамуына өзіндік үлес қосқан қырықтан астам белсендіні алғыс хатпен мараттады.
Белсенділер қатарында «ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігінің мерейін арттырған Н.Кокушев, А.Усербаев, М.Таласбаев, О.Сейдов және М.Келдібев сынды жас мамандар бар. Әріптестерімізді кезекті марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз.
#Қазақстан #Kazakhstan #Маңғыстау #mangystau #Ақтау #aktau #Жаңаөзен #zhanaozen #Қазмұнайгаз #kazmunaigaz #Өзенмұнайгаз #ozenmunaigaz #Өзенмұнайсервис #ozenmunaiservice #Мұнайшы #munaishyzhastar #Мұнай #munai #KMGEP #Казмунайгаз #Озенмунайгаз #Озенмунайсервис #Нефть #Казакстан #Мангистау