🗣Жаңаөзен қаласында «Жарқын болашақ» бағдарламасының түлектеріне арналған салтанатты іс-шара өтті.
🧑🎓333 түлектің 77-сі мектепті бітірсе, 256 студент техникалық, экономикалық және гуманитарлық мамандықтар бойынша колледждерде білім алды. Сонымен қатар олардың қатарында денсаулық сақтау және спорт саласының болашақ мамандары да бар.
📚Жобаны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүзеге асырып келеді. Соңғы бес жылда Маңғыстау облысының жасөспірімдері еліміздің әртүрлі өңіріндегі жетекші білім беру ұйымдарында сапалы білім алу мен жан-жақты даму мүмкіндігіне ие болуда.
Биылғы түлектердің жетістіктері де ерекше:
▪️13 түлек «Алтын белгі» иегері атанды;
▪️15 түлек үздік аттестатқа ие болды;
▪️Ұлттық бірыңғай тестілеудегі ең жоғары нәтиже – 131 балл;
▪️19 колледж түлегі оқуды үздік дипломмен аяқтады.
📇Айта кетейік, «Жарқын болашақ» бағдарламасы Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау облысының бес ауданындағы жоғары сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама жастардың кәсіби бағдар алуынан бастап жаңа ортаға бейімделуіне дейін жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.
✔️ҚМГ тарапынан көрсетілетін қолдау: оқу ақысы, жатақхана төлемі, жол шығыны, шәкіртақы және тегін тамақтану. «Жарқын болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған Маңғыстау облысының жастары бүгінде еліміздің үздік жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырып жатыр.
📱 ҚазМұнайГаз
![]()
![]()