Шараға қала әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов қатысты. «Құрмет» грамотасына әртүрлі салада еңбек етіп жүрген үздік мамандар ие болды. Олардың қатарында дәрігер, мұғалім, бұрғышы, шебер және басқа да мамандық иелері бар. Бұл марапат олардың қоғам игілігі үшін жасаған қажырлы еңбегіне берілген жоғары баға. - Жаңаөзен қаласының өркендеуіне атсалысып жүрген азаматтардың еңбегі ерекше. Бұл марапат сіздердің адал қызметтеріңіз бен қажыр-қайраттарыңызға берілген құрмет. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!, - деді Жаңабай Аймағанбетов.Бұл іс-шара Жаңаөзен қаласының еңбекқор тұрғындарын қолдауға және оларды ынталандыруға бағытталған. Қала әкімдігі алдағы уақытта да үздік мамандарды тану мен марапаттау шараларын жалғастыратынын атап өтті.
"ӨзенМұнайСервис" ЖШС нің
қызметкерлерінің жергілікті
Кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігі
төрағасы Серіков Саламат және ЖШС «Жөндеу» қызметкерлерінің
Кәсіподақ комитеті» Қоғамдық бірлестігі төрағасы Сундетбаев Қыдырсейх грамотасымен марапатталды.