
Жаңаөзен қаласында көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамы жоғары деңгейде тойланды. Қаладағы мекемелер мен кәсіпорындар киіз үйлер тігіп, ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын ерекше шаралар ұйымдастырды.
Бұл игі шараға “ӨзенМұнайСервис” ЖШС де белсене атсалысып, өз киіз үйін тігіп, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше ұлттық нақыштағы көріністер ұсынды. Киіз үйдің безендірілуі, қазақы дәстүрді жаңғыртуы және мерекелік көңіл-күй сыйлауы үшін Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев компанияны “Көркемдік үйлесім” номинациясымен марапаттады.
Мереке аясында қазақтың ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, өнерпаздардың ән-күйі, қолөнер көрмелері және түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен қонақтары наурызкөже мен басқа да ұлттық тағамдардан дәм татып, мерекенің ерекше сән-салтанатын сезінді.
Наурыз – бірлік пен татулықтың, жаңару мен ырыс-ынтымақтың мейрамы. Осындай игі шаралар халықтың рухын көтеріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосары сөзсіз.
Наурыз құтты болсын! Ақ мол, жыл ырысты болсын!
instagram: @kmgoms / видео сілтеме бойынша