«ӨзенМұнайСервис» ЖШ Серіктестігінде еңбек өнімділігінің жылдық және екінші жарты жылдық қорытындысы бойынша үздік деп танылған бригадалар мен ауысым қызметкерлері марапатталды.
![]()
![]()
Өткен 2018 жылдың нәтижесінде күрделі жөндеу бригадалары арасында «Үздік бригада» номинациясы жылдық қорытынды бойынша І орынға ӨМС-17 бригадасы лайық деп танылды. Ал ӨМС-4 бригадасы ІІ орын, ӨМС-28 бригадасы ІІІ орынды иеленді. ІІ жарты жылдық бойынша ӨМС-44 бригадасы І орынды, ӨМС-24 бригадасы ІІ орынды, ӨМС-35 бригадасы ІІІ орынды қанжығаларына байлады.
![]()
![]()
«Үздік ауысым» номинациясы ІІ жарты жыл қорытындысы бойынша І орынға №1 скважиналарды күрделі жөндеу цехынан ӨМС-11 бригадасы бұрғышы Ы. Өзденбаевтың ауысымы, ІІ орынға №2 скважиналарды күрделі жөндеу цехынан ӨМС-17 бригадасы бұрғышы Б. Туркменбаевтың ауысымы, ІІІ орынға №3 скважиналарды күрделі жөндеу цехынан ӨМС-28 бригадасы бұрғышы Б. Тулекбаевтың ауысымы және ІV орынға №4 скважиналарды күрделі жөндеу цехынан ӨМС-43 бригадасы бұрғышы К. Жанызаковтың ауысымы табан тіреді. Сонымен қатар ӨМС-4 бригада қызметкерлері сапалы еңбектің үлгісін көрсете білгені үшін ерекше алғысқа ие болды.
![]()
![]()
Жоғарыда аталған бригадалар, ауысым және қызметкерлер еңбектегі үздік үлгісі мен асқан жауапкершілігі үшін «ӨзенМұнайСервис» ЖШС бас директоры О.Н. Тарғыновтың атынан алғыс хаттармен марапатталып, бір реттік сыйақыға ие болды.
![]()
![]()
#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс