
"ӨзенМұнайСервис" ЖШС Өндірістік қамту базасында "Нейрон" медициналық орталығының мамандары арнайы келіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Серіктестік қызметкерлерімен кездесу барысында ақ халаттылар екпенің маңыздылығын айтып, егудің қауіпсіз екендігін жеткізді.
COVID-19 індетінен келер қауіп әлі де сейілер емес. Таралу жолдары да әр алуан.
Жұғу ошағы - адамдардың көп шоғырланатын жерлері. Ауа арқылы лезде таралады.
Күрестегі ең қарапайым жолдары - оқшауланып, барлық санитарлық талаптарды сақтау, қолымызды антисептикпен залалсыздандырып, көпшілік ортада бетперде тағу болды.
Қазіргі таңда халықтың көп бөлігін сақтап қалудың ең тиімді жолы - осы екпе егу болып отыр. Әйтсе де оны насихаттау жағы осалдау болып тұр.
Екпе алу - өз еркіңізде. Десе де дәрігерлердің айтуынша, сақтанудың ең тиімді жолы осы - екпе алу.
#өзенмұнайсервис
#қазақстан #жаңаөзен