
Ұлыстың Ұлы күні - Әз Наурыз мейрамы баршамызға құтты болсын!
Жаңару мен жаңғырудың нышаны саналатын Наурыз - ынтымақ пен берекенің мерекесі. Самарқанның көк тасы еріп, көк шығып, малдың төлдейтін, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы. Аузымыз аққа тиіп, дастархандағы дәмнің молаятын кезі.
Табиғат-ана бусанып, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін қасиетті Наурыз мейрамын ғаламшардағы 300 миллионнан астам адам тойлайды. Бұл мерекенің бастауы тым тереңде жатыр.
Әз Наурыз күні әр шаңыраққа шаттық-қуаныш, ынтымақ пен ырыс тілейміз! Халқымыздың абыройы асқақтап, бақ-несібесі арта берсін!