
Ұлыстың ұлы күніне орай “ӨзенМұнайСервис” ЖШС ұжымы сенбілік ұйымдастырды
Көктемнің шырайлы мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында “ӨзенМұнайСервис” ЖШС ұжымы игі бастама көтеріп, сенбілік ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны тазарту, абаттандыру жұмыстарын жүргізу және қызметкерлер арасында бірлікті нығайту болды.
Сенбілікке компанияның көптеген қызметкерлері белсенді түрде атсалысып, өздеріне тиесілі аумақты ретке келтірді. Ағаштар әктеліп, айнала қоқыстан тазартылды, жасыл желекті күтіп-баптау шаралары жүргізілді. Бұл тек тазалық жұмыстары ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттыратын, ұжымдық рухты көтеретін маңызды шара болды.
“ӨзенМұнайСервис” ЖШС ұжымы осындай бастамаларды алдағы уақытта да жалғастырып, экологиялық тазалық пен қоршаған ортаны қорғау бағытында жүйелі түрде үлес қоса бермек. Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы бұл игі іс-шара көпшілікке үлгі болары сөзсіз!
instagram: @kmgoms / толық нұсқа сілтеме бойынша