
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Маңғыстау ауданы әкімінің кубогі – 2021» турнирі өткізілді. Шағын футболдан өткен І облыстық турнирде «ӨзенМұнайСервис» футбол командасы топ жарып, І жүлделі орынға ие болды. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар атынан қаржылай сыйлық табыс етілді.
«ӨзенМұнайСервис» футбол командасын кезекті жарқын жеңісімен серіктестік атынан шын жүректен құттықтаймыз!