
«ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігінің қызметкері Аманесен Бисенов Қырғызстан елінде өткен гір тасын көтеруден Әлем чемпионатында топ жарды.
21 тамыз бен 26 тамыз аралығында Қырғызстан Республикасының Чолпон Ата қаласында гір спортынан жастар, жасөспірімдер, ересектер және ардагерлер арасында әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа әлемнің 18 мемлекетінен 500-ге жуық спортшы қатысты.
Әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз.