
«ӨзенМұнайСервис» ЖШС кезекті еңбек ардагерін құрметті еңбек демалысына шығарып салды. Ұзақ жылдар бойы мұнай саласының дамуына адал еңбегімен үлес қосып, ұжымдастарының құрметіне ие болған Досжанов Ходжанепес Муртазаевич зейнеткерлікке аттанды.
45 жылдан астам еңбек өтілі бар ардагер ұңғымаларды күрделі жөндеу бригадасының шебері қызметін абыроймен атқарып, кәсібилігімен әріптестеріне үлгі болды. Ол мұнай саласының дамуына қосқан өлшеусіз еңбегі арқылы ұжым арасында ерекше сыйлы тұлғаға айналды.
Ардагерді ұжымы мен басшылық құттықтап, зор ықылас білдіріп, сый-сияпат пен естелік жолдамасын табыстады. Сондай-ақ, өзі қызмет еткен ӨМС-5 Ұңғымаларды күрделі жөндеу бригадасы атынан Умра қажылығына жолдама сыйға тартылды.
«ӨзенМұнайСервис» ЖШС ұжымы:
Еңбек жолыңызда қалдырған жарқын іздеріңіз әрдайым мақтанышпен еске алынбақ. Зейнет жасындағы өміріңіз мол қуаныш, амандық пен берекеге толы болсын!