
«Машат-Арасан» емдеу-сауықтыру лагерінде жұмыс жасап жүргеніме биыл 2 жыл болды - дейді, «Машат-Арасан» емдеу-сауықтыру лагері қоғамдық тамақтандыру жетекшісі Алтынай Орынбайқызы.

Мамыр айының 31-жұлдызында «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі саналы ғұмырын қызметке арнап, адал еңбекті жанына міндет еткен азамат Амантұрлы Аманжоловты құрметті еңбек демалысына шығарып салды.

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнін "ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жыл сайынғы дәстүр бойынша биыл да жоғары деңгейде атап өтті.

«ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әлеуметтік сұрақтар жөніндегі атқарушы директоры Мәмбетсапаев Бауыржан Сайлаубайұлын жаңа қызметке ауысуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Көктем-бар тіршілік атаулының бусанып, жаңаша жан бітетін сәті. Шұғылалы көктеммен бірге төрімізге енетін мерейлі мерекелер де көңіл қуантады. Соның бірі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні. Сұлулықтың символы - әйелдің, тұнған мейірімнің бұлағы - ананың, нәзіктіктің белгісі - ару қыздардың мейрамы.

"ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі балаларға арнап жаңа жылдық шырша мерекесін ұйымдастырды. Жаңа 2018 жыл қарсаңында серіктестік қабырғасында қызмет ететін мамандардың 2200-ге жуық балалары мен қаламыздағы 85 мүмкіндігі шектеулі балалардың басын қосып, мерекеге орай сыйлықтар табыс етті.

Ағымдағы жылы өзге мекемелер арасында әлеуметтік сала бойынша көмек көрсетіп, қайырымдылық жасауда «ӨзенМұнайСервис» серіктестігі алдыңғы қатардан көрінді. Скважиналарды күрделі жөндеуге 45 жыл толуына орай және өзге де себептермен өткізілген қайырымдылық шараларында серіктестік қызметкерлері өз есебінен мүжәлсіз отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, жағдайы төмен жанұяларға қаржылай қол ұшын созды.

Өткен жылдың 27 желтоқсан күні «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директоры және қәсіподақ өкілдері жаңа ұжымдық шарт жобасына қол қойды.

Жаңаөзенде "Жыл үздігі-2017" V қалалық жастар сыйлығының иегерлері анықталды. Аталмыш сыйлық бойынша қала дамуына атсалысып, өркендеуіне септігін тигізіп отырған әр түрлі сала мамандары бақ сынасты. Жыл бойына үздіксіз еңбек етіп, үлгілі қызметімен ерекше көзге түскен қызметкерлер Жаңаөзен қаласы әкімінің алғыс xатымен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.

20 желтоқсан күні Жаңаөзендік жас мұнайшылар ақын Сабыр Адаймен кездесу өткізді. "ӨзенМұнайГаз" АҚ-ның ұйымдастыруымен өткен шара "Руxани жаңғыру" бағдарламасымен сабақтастырылды.

Маңғыстау облысы мұнай-газ саласы Жас мамандар кеңесі альянсының ұйымдастыруымен "Ой-дода" зияткерлік сайысының қорытынды ойыны өткізілді. "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткен шараға облыс көлемі бойынша 20-ға жуық мұнай мекемелерінен жастар қатысып, 8 топ сынға түсті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде салтанатты жиын өткізілді. Мереке қарсаңында бірқатар мамандар серіктестік атынан және «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның атынан алғыс хаттармен марапатталып, төсбегілерге ие болды.

"ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Бауыржан Мәмбетсапаев серіктестік қабырғасында қызмет ететін шеберлермен жеке танысып, кездесу өткізді. Жиында мамандарды өз іс-тәжірибесімен xабардар етіп, еңбектегі бағыт-бағдарымен бөлісті.

«ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен еңбек ардагерлеріне арналған мерекелік кеш өткізілді. Кеште серіктестікте көп жылдар бойы қызмет етіп, қазіргі таңда еңбек демалысына шыққан зейнеткерлер бас қосты. Арнайы шақырылған қонақтар құрметіне дастархан жайылып, мерекелік ас берілді.

10 желтоқсан күні "ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен спартакиада ойындары өткізілді. Қызметкерлер бақ сынаған додада қатысушылар арқан тарту, гір тасын көтеру, үстел теннисі және шағын футбол секілді спорт түрлерінен жарысқа түсті.

20 қазан күні «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мамандарына арналған тренинг өткізілді. «Ұжымдастар арасындағы тиімді қарым-қатынас» тақырыбында өткізілген жиын серіктестік қабырғасындағы қызметкерлердің бірлігін нығайту және ұжымдық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр.

22 қараша күні "ӨзенМұнайГаз" АҚ Жас Мамандарының ұйымдастыруымен "Жігіт сұлтаны-2017" байқауы өтті. Елбасының "Болашаққа бағдар: Руxани жаңғыру" бағдарламасымен сабақтасқан өнер сайысына мұнай өндірісінде еңбек етіп жүрген жас қызметкерлер қатысты.

"ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Бауыржан Мәмбетсапаев серіктестіктің жас мамандарымен жиын өткізді. Жиында жастарға өз іс-тәжірибесі бойынша аздаған кеңес беріп, бағыт-бағдарымен бөлісті.

"Алаш Орда" мемлекетінің құрылғанына 100 жыл толуына орай Маңғыстау облысы мұнай-газ саласының Жас мамандар кеңестері арасында ІІ спартакиада өткізілді.
Шараға облыс көлемі бойынша 14 мұнай компанияларының жастарынан құралған 8 команда қатысты. "ӨзенМұнайГаз" АҚ Жас Мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен бәсекеде командалар бампербол, садақ ату, бильярд, арқан тартыс және аударыспақ секілді спорт түрлерінен жарысқа түсті.

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ ұйымдастыруымен 27 қазан күні әлеуметтік сала қызметкерлерінің слеті өтті.
Шараға «ҚМГ»БӨ» АҚ-ына қарасты және еншілес кәсіпорындардың әлеуметтік бағытта қызмет атқарып жүрген мамандары қатысты.
Страницы: [ 1 ] [ 2 ] [ 3 ] [ 4 ] [ 5 ] [ 6 ] [ 7 ] [ 8 ] [ 9 ] [ 10 ] [ 11 ] [ 12 ] [ 13 ] [ 14 ] [ 15 ] [ 16 ] [ 17 ] 18 [ 19 ] [ 20 ]