
Өткен өмір өнегесі – адамның жастайынан бойына сіңірген білімі мен алған тәлім-тәрбиесі, көрген тәжірибесі мен атқарған тынымсыз еңбегінің нәтижесімен өлшенеді. Әрбір азаматтың ел ағасы атанған шағында отбасында қадірлі, ортасында сыйлы, қызметте құрметті болмаса ер атына сын келері сөзсіз.

11-15 қазан аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ұйымдастыруымен «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде басшылар мен топ-менеджерлер арасында семинар-тренинг өткізілді.

«ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кен орындарындағы скважиналарды жөндеуге 45 жыл толған мерейтойын қала көлемінде дүркіретіп атап өтті. Мерейтой құрметіне арнайы қазақтың киіз үйлері тігіліп, ұлттық тағамдармен көмкерілген ақ дастарқан жайылды.

Негізі сонау 1972 жылдардан бастау алған Өзен, Қарамандыбас кенорындарында мұнай скважиналарын күрделі жөндеу жұмыстарының үздіксіз жұмыс жасап келе жатқанына биыл 45 жыл толып отыр. Өткен жылдың еншісінде «Жөндеу» және «КРУЗ» мекемелерінің біріктірілуінің арқасында «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылған ұжымның қазіргі уақытта да мұнай өндіру ісінде атқарып отырған еңбегі ұшан-теңіз.

22-қыркүйек күні "Мұнайшы" мәдениет үйінде скважиналарды күрделі жөндеуге 45 жыл толуына орай "ӨзенМұнайСервис" кубогіне жайдарман ойыны өткізілді.
Ойынға "ӨзенМұнайГаз" АҚ, "Бұрғылау" ЖШС, "Су тасымалдау және өндіру" басқармасы", "ӨзенМұнайСервис" ЖШС, "Медикер Плюс" және "Айзере" балабақшасының құрама командалары қатысты.

Скважиналарды жөндеуге 45 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелелік шаралар легі балалар арасында өткізілген сурет байқауымен жалғасты.

Қыркүйек айының алғашқы аптасында «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен цехтар арасында футболдан турнир өткізілген болатын.

Скважиналарды күрделі жөндеуге 45 жыл толуына орай «ӨзенМұнайCервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен көңілді старт ойыны өткізілді. Отбасы бірлігін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Әке, ана және мен» атты спорттық шарада мекеме қызметкерлерінің отбасылары сынға түсті.

Біз өмір сүріп жатқан қоғамда адамдардың кейбірінде бәрі жеткілікті. «Кешкісін не ішем, ертең не кием?» демейді, үйге келген тұрақты несібемен бірқалыпты өмір сүруде. Ал, енді бірі жоқшылық көріп, қым-қуыт тірліктің басына салған қиындығын жеңе алмағандықтан өміріне өкпелі. Кейбір жандардың жан-жағы аман, бауыры бүтін болса да қасында жүрген аяулы жанның қадірін білмейді. Ал кейбір жандар қымбат адамдарынан ерте айырылып, еріксіз солардың жылуын аңсап жүр. Қиындық пен қуаныш қатар өрілген өмірде барлық адам мейірімге зәру. Адамзаттың сәл ғана жымиып, өзіне жақын тартуы – сол мейірімге мұқтаж жандар үшін үлкен қуат сыйлайтыны сөзсіз.

"ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Үздік маман-2017" кәсіби шеберлік конкурсы аясында өз ісінің шеберлерін анықтады. Үміткерлер "Үздік бригада", "Үздік ауысым", "Үздік электрогазбен дәнекерлеуші" "Үздік жүргізуші", "Үздік темір жонушы" аталымдары бойынша сынға түсті.

Скважиналарды күрделі жөндеуге 45 жыл толуына орай «ӨзенМұнайCервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлері арасында бамперболдан жарыс өткізілді.
Спорттық шарада сөз сөйлеген «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-нің бас директорының бірінші орынбасары Орынбек Тарғынов мекеме қызметкерлерін атаулы мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.

«ӨзенМұнайСрвис» ЖШ серіктестігі Скважиналарға күрделі жөндеуге 45-жыл толуына орай, тек қана қыздар арасында, үстел теннисі бойынша жарыс ұйымдастарды.

Жаңаөзен қаласында «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысшылары арасында «FIFA-2017» футбол ойындарының турнирі өтті, - деп хабарлайды «ӨзенМұнайСервис» әлеуметтік саясат және шаруашылықпен қамту бөлімі. Шара «Өзен» кен орны скважиналарын күрделі жөндеуге 45 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

«Counter strike» ойынына «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысшыларынан құралған 7 команда қатысып, бақтарын сынады, - деп хабарлайды «ӨзенМұнайСервис» әлеуметтік саясат және шаруашылықпен қамту бөлімі. Шара «Өзен» кен орны скважиналарын күрделі жөндеуге 45 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

2017 жылдың 10 қыркүйек күні Жаңаөзен қаласында мұнайшылар арасында бильярдтан турнир өтті, - деп хабарлайды «ӨзенМұнайСервис» әлеуметтік саясат және шаруашылықпен қамыту бөлімі. Шара «Өзен» кен орны скважиналарын күрделі жөндеуге 45 жылдығына орай ұйымдастырылды.

«ӨзенМұнайСервис» ЖШС-гі үшін жұмысшылардың балаларының демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады.

«ӨзенМұнайСервис» футбол командасы Зеренді қаласында өтетін «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ деңгейінде мұнай-газ кешені қызметкерлері күні құрметіне арналған Спартакиаданың іріктеу ойындарында «KMG Catering» командасын пенальтимен жеңді.

Елбасының 2017 жылдың сәуір айындағы "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы аясында "ӨзенМұнайСервис" ЖШС мен Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Туған өлкеге саяхат" жобасы аясында Маңғыстау ауданындағы Көгез этноауылына саяхат жасап, Ақмышта арнайы квест - тимбилдинг өтті. Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында: « Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және болашаққа жіті көз тіккен бағдарлар керек. Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады.

Сайлаубай Толепов 1954- жылы 14- наурызда киелі Маңғыстау жерінде дүниеге келген. Алғаш еңбек жолын 1975- жылдың қаңтар айында «КРС» мекемесіне бұрғышының көмекшісі болып бастайды. 1979 жылдан, 1996 жыл аралығында бұрғышы болып, одан соң 1996-1998 жылдар аралығында реттеуші мамандығы бойынша өз жұмысын абыроймен атқарады. 1998-жылдан 2017 жылға дейін Шебер қызметі бойынша өз жұмысын жалғастырады.

Жас мамандар күніне орай Атырау қаласында өткен ғылыми байқаудың қатысушыларын "ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Нұрсейт Союнов жүлделі орындарымен құттықтады. Атырауда өткен ғылыми жобалар сайысына қатысқан Дәулет Нөкеров пен Асқар Утесовке "ӨзенМұнайСервис" ЖШС ұжымы атынан естелік сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, жиын барысында компиания имиджін қалыптастыруға үлес қосып жүрген жас мамандарға арнайы кәдесыйлар табысталды.
Страницы: [ 1 ] [ 2 ] [ 3 ] [ 4 ] [ 5 ] [ 6 ] [ 7 ] [ 8 ] [ 9 ] [ 10 ] [ 11 ] [ 12 ] [ 13 ] [ 14 ] [ 15 ] [ 16 ] [ 17 ] [ 18 ] 19 [ 20 ]