
Ақпан айының 8-жұлдызында «ӨзенМұнайСервис» ЖШС ұжымы зейнет жасына жеткен азамат Нурбаев Майрамбайды құрметті еңбек демалысына шығарып салды. М.Нурбаев мұнай және газ өндіру саласында 24 жыл бойы 3 дәрежелі жүк тасушы қызметін атқарған.

«Туған жерге тағзым – перзенттік парыз» демекші, мейлі жас, мейлі кәрі бол, мейлі қарапайым қызметкер немесе лауазымды басшы бол өзіңнің туған жеріңінің кәдесіне жарау, тұрғындардың игілігі үшін ең құрығанда көлеңке болатын бір тал егу кез келген азаматтың міндеті. Кішкене ғана жақсылық жасап, өзің тұратын мекеннің гүлденуіне тамшыдай үлес қосу үшін үлкен қаражат немесе үлкен күштің қажеті жоқ. Бастысы шынайы ниет пен ынта болса жетіп жатыр.

Қаңтар айында «ӨзенМұнайСервис» ЖШ Серіктестігінде «ҚазМұнайГаз» ҮК АҚ-ның мұнай сервис жөніндегі басқарушы директоры А.К.Шаненованың қатысуымен жиналыс өткізілді.

"ӨзенМұнайСервис" ЖШ Серіктестігінің шеберлері кезекті жиында кездесті. Бригада шеберлері мен цеx басшылары да біріккен отырыста мамандар ұйымның әлеуметтік жағдайын сөз етіп, бірқатар мәселелердің жайын талқылады.

Жаңаөзендік кәсіпқой боксшы Уалихан Бисенкуловқа алғыс білдіру мақсатында "ӨзенМұнайСервис" ЖШС бастамасымен Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының қолдауымен кездесу өткізілді.

Желтоқсан айында «ӨзенМұнайСервис» ЖШ Серіктестігінің ұйымдастыруымен «Өнер алды – бірлік, ырыс алды – тірлік» атты филолог, абайтанушы Омар Жәлелұлының авторлық семинар-тренингі өткізілді. Ұйымдағы ынтымақты нығайту, әріптестер арасындағы сыйластық пен құрметті арттыру мақсатында жасалған шараға «ӨзенМұнайСервис» ЖШС мамандарымен қатар қала тұрғындары да шақырылды.

"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігі балаларға арнап жаңа жылдық шырша мерекесін өткізді.

"ӨзенМұнайСервис" ЖШС маманы, автотізбек меxанигі У.К.Бальжанов мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысынын әкімі Ералы Тоғжановтың атынан алғыс xат иемденді.

16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "ӨзенМұнайСервис" ЖШ Серіктестігінде мерекелік концерт өткізілді. Шарада Жаңаөзен қаласындағы М.Өскінбаев атындағы балалар саз мектебінің өнерпаздары қасиетті домбырадан күй төгілтіп, ел мерейін үстем еткен азаттық жайында ән шырқады.

«ӨзенМұнайСервис» ЖШ Серіктестігінде ұжымдағы ауызбіршілікті нығайту мақсатында «Қазақтың салт-дәстүрі – ынтымақтың бастауы» атты жас мамандарға арналған тренинг өткізілді.

Желтоқсан айының 7-жұлдызында «ӨзенМұнайСервис» ЖШС ұжымы зейнет жасына жеткен тағы бір еңбек ардагері Бақберген Демепбергеновті құрметті еңбек демалысына шығарып салды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «ӨзенМұнайСервис» ЖШС Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен мамандар арасында «Брейн-ринг» интеллектуалдық ойыны өткізілді.

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «ӨзенМұнайСервис» ЖШ Серіктестігінің қызметкерлері арасында спартакиада өткізілді. Додаға қатысушылар арқан тарту, гир көтеру және шағын футбол сынды спорт түрлерінен сынға түсті.

Әлеуметтік сұрақтар жөніндегі атқарушы директор лауазымына жаңа басшы тағайындалды

Қараша айының 23 жұлдызында «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен еңбек ардагерлерінің басын құраған салтанатты жиын өткізілді. Жиынға серіктестік қабырғасында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, қазіргі таңда еңбек демалысына шыққан ардагерлер шақырылды. Қонақтар құрметіне арнайы дастархан жайылып, мерекелік ас әзірленді.

14 қараша күні еліміз бойынша қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпби бойынша алғашқы жалпыхалықтық диктант жазу шарасы өткізілген болатын.

«ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның ұйымдастыруымен қала көлемінде «Бірлікпен алға» атты жүгіруден марафон өткізілді. Спорттық шараға «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары да белсене қатысты.

Ағымдағы жылдың 17-қазан күні «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі Серіктестігінде өндірістік қызмет орындарындағы қауіпсіздікті нығайту мақсатында оқу-жаттығу шарасы өткізілді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ына қарасты мекемелер шеңберінде жүргізілетін қауіпсіздік жүйесін сақтау мақсатында бекітілген жоспар бойынша 2018 жылдың жарты жылдығына арналған оқу-жаттығу шарасына цех қызметкерлері, ТҚ,ЕҚжҚОҚ бөлімінің мамандары, басшылық құрам және өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдем қызметі қатысты.

Көп жылдар бойы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау нормаларын сақтау тек заңнама талабы ретінде ғана қаралып келді, нормативтік-құқықтық талаптар да қауіпсіздік мәселелерін басқару жөніндегі жұмыстың бағыттарын айқындады. Тәртіп пен бақылау түйінді элементтер болып табылды. Бұл ретте өндірісте жарақаттану жағдайларының болмауы кол жетпес мақсат болып саналатын немесе әрі кеткенде біз ұмтылуға тиісті арман қалпында еді.

Қазіргі 3-лекте 421 бала демалып жатыр. Балалар Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облысы секілді әр өңірден келген – дейді, «Машат-АРАСАН» емдеу-сауықтыру лагері оқу-тәрбие процесі бойынша директордың орынбасары Нұрғазы Қалмырзаұлы
Страницы: [ 1 ] [ 2 ] [ 3 ] [ 4 ] [ 5 ] [ 6 ] [ 7 ] [ 8 ] [ 9 ] [ 10 ] [ 11 ] [ 12 ] [ 13 ] [ 14 ] [ 15 ] [ 16 ] 17 [ 18 ] [ 19 ] [ 20 ]