
5-7 мамыр күндері Қырғызстан астанасы Бішкекте гір көтеруден Азия чемпионаты өтіп, спорттық додада әріптесіміз Бисенов Аманесен Ордабекұлы топ жарды.

«Адизес» әдісі бойынша кәсіпорынның диагностикасын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша, семинар өтуде.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 26.04.2023 жылғы 06/3377 санды хатына сәйкес, "ӨзенМұнайСервис" ЖШС Жас мамандары сенбілікке шықты.
Теңіз жағалауының белгіленген бір аумағына барып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

22-сәуірде "ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлері сенбілікке шықты.

“ӨзенМұнайСервис” ЖШ серіктестігінде жаңа жыл – Әз Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтілді. Ақшаңқай ақ үйлер тігіліп, мерекелік дастархан жайылды.

Амал – жылдың басы. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы. Бұл күні қыстан аман-есен шыққан жұрт бір-бірімен қуана қауышып, құшақтасып көрісіп, татулық-бірлікті жаңғырту мақсатында бас қосатын болған.

"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінде үш маман еңбек демалысына жолдама алды. Олардың қатарында еңбек өтілі 40 жылдан асқан скважиналарды күрделі жөндеу цехының 5 дәрежелі бұрғышысы Мұсаев Сәрсенғали, мұнай саласында 20 жылдан астам қызмет еткен СКЖ цехының 5 дәрежелі бұрғышысы Есіркенов Абдулла және автотізбектің 5 дәрежелі көтергіш машинисті Басбаев Нарлшбай бар.

Көктемде Табиғат-Ана құлпырып, өзгеше күйге бөленгенде мереке мен қуаныш та қатар келеді. Сондай ерекше мерекенің бірі аяулы ана мен нәзік жандыларымыздың мерейін үстем ететін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнін «ӨзенМұнайСервис» ЖШС жоғары дәрежеде атап өтті.

"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігі еңбек ардагерлерінің қатары тағы да қос зейнеткермен толықты.

“ӨзенМұнайСервис" ЖШС Бас директоры Қ. Мыңтұрғанов 2022 жылдың қорытындысы бойынша жұмысшылармен кездесті. Кездесу барысында, Қ. Мыңтұрғанов сөз сөйлеп, 2022 жыл қортындысы бойынша көрсеткіштерге тоқталып өтті

Өзенмұнайсервис» ЖШС-дегі жағдай бойынша баспасөз мәлімдемесі
«Самұрық-Қазына» АҚ ережесіне сәйкес, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС жыл сайын арнайы техника қызметтерін көрсетуге тендер өткізеді.
Осыған байланысты, 2022 жылдың қараша айында серіктестік агрегаттар мен АЦН арнайы техникасы қызметтерін көрсетуге тендері жариялады. Оған «Мұнайспецснабкомпани» ЖШС және «Бек-А» ЖШС қатысқан болатын.
Желтоқсан айының 29-ы күні тендердің қорытындысы шығарылып, «Бек-А» ЖШС жеңімпаз деп танылды
Сонымен қатар, тендер нәтижелерін тексеру барысында «ӨзенМұнайСервис» ЖШС - нің тиісті мамандарымен кішігірім қателіктер анықталды: АЦН бойынша - 44 жүргізушінің ішінде біреуінің жұмыс тәжірибесі тиісті өтілінің 4 күнінен аз, агрегат бойынша – кейбір машинистер мен мотористердің корочкалары нашар сканерленген және оқылмайды.
Әлеуметтік-еңбек шиеленісін болдырмау мақсатында 2022 жылғы 30 желтоқсанда «ӨзенМұнайСервис» ЖШС басшылығы «Мұнайспецснабкомпани» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында қызметкерлерге өткізілген тендердің жеңімпазы және босатылған қызметкерлерді «Бек-А» ЖШС-не ауыстыру жөніндегі шаралар туралы хабарланды. Айта кету керек, жеңімпаз компания «Мұнайспецснаб компаний» ЖШС - нің босатылған қызметкерлерін жұмысқа қабылдауға ниет білдірді.
Қазіргі уақытта «ӨзенМұнайСервис» ЖШС заңнаманың нормаларына сүйене отырып ұсыну туралы хаттамалық шешім қабылдады. «Мұнайспецснаб Компани» ЖШС тендер жеңімпазы анықталған қателерді түзеткенге дейін күнделікті қажеттілік шарттарында жұмыс көлемдерін белгілейді.
«Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу тәртібіне сәйкес жеңімпаз компания 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберілген кемшіліктерді түзетуге құқылы. Жүйенің келесі ашылуы 2023 жылдың 5 қаңтарына жоспарланған. Осыдан кейін тендердің жеңімпазы анықталады.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың 1 қаңтарында "Мұнайспецснаб Компаний" ЖШС жұмысшыларымен бейнеөтініш жазылып, әлеуметтік желілерге жарияланды, онда қызметкерлер «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуды өткізу тәртібіне қайшы келетін негізсіз талаптар қойды.
Бейне хабарламаны жазғаннан кейін қызметкерлер жинау орнынан тарап кетті, екінші ауысымда жұмысқа кіріседі.
Пресс-релиз о ситуации в ТОО «ОзенМунайСервис»
Согласно Порядка проведения закупок АО «Самрук-Казына», в
ТОО «ОзенМунайСервис» ежегодно проводится тендер на оказание услуг спецтехники.
В этой связи, в начале ноября 2022 года ТОО «ОзенМунайСервис» объявило тендер на оказание услуг спецтехники Агрегатов и АЦН, в котором участвовали ТОО «МунайСпецСнаб Компани» и ТОО «Бек-А».
29 декабря 2022 г. по итогам тендера и победителем признано ТОО «Бек- А».
Вместе с тем, в ходе проверки результатов тендера,
ТОО «ОзенМунайСервис» выявил ошибки: по АЦН - из 44-х водителей опыт работы одного меньше всего на 4 дня положенного стажа, по Агрегату – удостоверения об обучении некоторых машинистов и мотористов плохо отсканированы и нечитаемые.
30 декабря 2022 года руководством ТОО «ОзенМунайСервис» проведена встреча с персоналом ТОО «МунайСпецСнаб Компани». В ходе встречи работникам сообщено о победителе проведенного тендера и мерах по переводу высвободившихся работников в ТОО «Бек-А». Стоит отметить, что компания победитель - тендера изъявила желание принять на работу высвобождаемых сотрудников ТОО «МунайСпецСнаб Компани».
В настоящее время ТОО «ОзенМунайСервис» основываясь на нормы законодательства приняло протокольное решение о предоставлении
ТОО «МунайСпецСнаб Компани» объемов работ на условиях ежедневной потребности, до исправления победителем тендера выявленных ошибок.
Согласно Порядка проведения закупок АО «Самрук-Казына» победитель имеет право на исправление допущенных недостатков в течении 2-х дней.
Следующее открытие системы назначено на 5 января 2023 года. После чего будет определен победитель тендера.
Следует отметить, что 1 января т.г. работниками
ТОО «МунайСпецСнаб Компани» записано видеообращение и размещено в социальных сетях, в которой работники выдвинули необоснованные требования, противоречащие Порядку проведения закупок АО «Самрук- Казына».
После записи видеообращения работники разошлись с места сбора и приступят к работе согласно графику.

Қарттық – ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Қарттарымыз - еліміздің өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз. Үлкенді сыйлау – ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз.

«ӨзенМұнайСервис» ЖШС Бас директордың қызметкерлерді басқару, еңбекақы төлеу және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Н. Ермаганбетов Серіктестіктің жұмысшылары, Е. Конхиев, Л. Демегенов, А. Кадирмаганбетовты қабылдап, Құрмет грамотасын табыстады.

ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның «Үздік маман – 2022» кәсіби шеберлік байқауына қатысқан серіктестіктің жұмысшылары бас директор Қ. Мыңтұрғановтың алғыс хатымен марапатталды.

«Қазақстанның мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі кәсіподақтар күніне орай бірқатар мамандарға алғыс білдіріп, құрмет көрсетті.

ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның «Үздік маман – 2022» кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылды. Шара Қызылорда қаласындағы «ҚазГерМұнай» БК ЖШС-нің өндірістік алаңдарында өткізілді.

2022 жылдың жарты жылдың қортындысы талқыланды.
"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінде 2022 жылдың жарты жыл қорытындысын талқылау мақсатында жиын өткізілді. Бөлім, цех, топ, бригада жұмыстарының нәтижелері кеңінен сөз болып, көрсеткіштер жайы айтылды.

“ӨзенМұнайСервис” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 50 жылдық мерейтойына орай мекеменің бас ғимараты алдында ұлан асыр той өткізілді. Еңбек ардагерлерінен бастап құрметті қонақтар, компания мамандары мен өңір өнерпаздары бас қосқан мерекелік жиынның құрметіне алты қанатты ақ үй тігіліп, дастархан жайылды.

Тұтас өңірдің ғана емес, алып мемлекетіміздің экономикалық әл-ауқатына тікелей әсер етіп отырған Өзен мұнай алабының ел тарихында алатын орны ерекше. 1960 жылдары бастау алған мұнай өндіру ісінің басы-қасында білікті мамандардың жүруі, олардың қажырлы да табанды еңбегі - атаулы істің бүгінде өнімді өндіріске айналуына мұрындық болып отыр.

"ӨзенМұнайСервис" ЖШС атап өткелі отырған 50 жылдық мерейтой қарсаңында қызметкерлердің балаларының арасында "Мұнайшылар мерекесібалалар көзімен" атты суретшілер байқауы өтті.
Страницы: [ 1 ] [ 2 ] [ 3 ] [ 4 ] [ 5 ] [ 6 ] [ 7 ] [ 8 ] 9 [ 10 ] [ 11 ] [ 12 ] [ 13 ] [ 14 ] [ 15 ] [ 16 ] [ 17 ] [ 18 ] [ 19 ]